БҚО-да республикалық жолдар жабылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында көктайғаққа байланысты республикалық маңызы бар жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ филиалы мен БҚО полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы кешкі сағат 18.00-ден бастап осындай шешім қабылдады.

Атап айтқанда, Самара-Шымкент жолының 266-526 шақырымдары аралығында, яғни БҚО-дан Ақтөбе облысына дейінгі жол жабылды. Сол секілді Орал-Чапаев-Атырау жолында Чапаевтан Атырауға дейінгі аралықта көлік қозғалысына шектеу қойылды. Сонымен қатар Подстепный-Федоровка-РФ шекарасы жолы (0-144 км) жабылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да бірнеше жолдың жабылғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар