БҚО-да республикалық маңызы бар тағы бір трассаны су басты

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында республикалық тағы бір жолды су басып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің жедел штабынан мәлім еткеніндей, оқиға 3 сәуір күні кешкісін Теректі ауданында болды.

«Тасқын су республикалық маңызы бар Подстепный-Федоров жолының 11-шақырымында жол төсемінен (ені 60 метр, тереңдігі 5-10 см) асты. Осы тұста темірбетон құбыр болғанымен, ол еріген қар суын өткізуге үлгере алмауда. «ҚазАвтоЖол» ЖШС күшімен (12 қызметкер, 3 техника) жол шеті инертті материалдар, құм салынған қаптармен (700 дана) бекітілуде. Жол қозғалысына кедергі келтірілген жоқ. Кезекшілік ұйымдастырылды», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 100-ге жуық тұрғын үйді су басқанын, тасқын су шайып кеткен соң бірнеше көлік жолы жабылғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ БҚО-да 2 жүкті әйел су басқан аумақан тікұшақпен Оралға жеткізілді.


Соңғы жаңалықтар