+7 (701) 759 90 19
USD 419.96 EUR 510.88
RUB 5.72 CNY 64.97
Jańalyqtar

БҚО-да Ресейден келе жатқан жүк көлігі жол жиегіне түсіп кетті

2020 жылғы 28 қараша 00:43
Бөлісіңіз:
БҚО-да Ресейден келе жатқан жүк көлігі жол жиегіне түсіп кетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында Ресейден келе жатқан жүк көлігі жол жиегіне түсіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда пәтерде жалғыз қалып қойған 2 жасар бала құтқарылды Атырау облысында жоғалып кеткен 3 адам табылды Өскемен автобустарында электронды билеттеу жүйесі ақпанда іске қосылады

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 27 қараша күні Орал-Атырау жолының 188-шақырымында, Ақжайық ауданы Ақсуат ауылы маңында болды.

«Mercedes» жүк көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, жол жиегіне түсіп кеткен.

Сағат 16.00-де №6 өрт сөндіру бөлімі және Ақжайық ауданы ТЖ бөлімінің күшімен жүк көлігі тазартылған жол учаскесіне шығарылды.

Жүргізуші, түркиялық азамат Ресейден Түркістан облысына бара жатқан. Жүк көлігіне ағаш, өсімдік көшеттері тиелген.

Шетел азаматына жылы жерде ыстық шай, тамақ берілді. Ол қазақстандық құтқарушыларға ризашылығын білдірді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 21 тонна бензин әкеле жатқан жүк көлігінің аударылып қалғанын, қыстақтан шыққан тұрғынның адасып кеткенін жазған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT