+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

БҚО-да Prado аударылып, жүргізуші ауруханаға жеткізілді

2020 жылғы 8 сәуір 10:37
Бөлісіңіз:
БҚО-да Prado аударылып, жүргізуші ауруханаға жеткізілді

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында «Toyota Land Cruiser Prado» көлігі аударылып, жүргізуші ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, 9 адам ауруханаға жеткізілді Павлодарда үш көлік соқтығысып, жүкті әйел мен 8 жасар бала жарақат алды Блокпостағы апат: Қаза тапқан полицейдің әйелі кінәліден 37 млн теңге талап етті

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің айтуынша, оқиға 8 сәуір күні сағат 06.30 шамасында Орал-Атырау жолында болды.

«Саят» автокемпингі тұсында Ақжайық ауданы Тайпақ ауылының 21 жастағы тұрғыны «Toyota Land Cruiser Prado» автокөлігінің руліне ие бола алмай, аударылып қалған.

Қазіргі мәлімет бойынша жүргізушінің оң жамбасы сынып, жабық мас-ми жарақатын алған, сондай-ақ миы шайқалып, шүйдесіне зақым келген. Ол Ақжайық аудандық ауруханасына жатқызылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда «Мастер» дүкенінің өртенгенін жазған болатынбыз.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT