БҚО-да полиция қызметкерінің қатысуымен болған жол апатынан бір адам қаза тапты

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында полицияқызметкерінің қатысуымен болған жол апатынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 1 желтоқсан күні сағат 19.15-те Орал-Тасқала жолының 46-шақырымында болды.

Полиция қызметкері жүргізген Hyundai Accent автокөлігі Lada Largus автокөлігімен соқтығысты.

Соның салдарынан бір адам қаза тауып, түрлі жарақат алған екі адам ауруханаға жеткізілді.

«Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған қызметкер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық тиісті сараптамалар тағайындалды. Бұл іс департамент басшылығының бақылауына алынды, ол бойынша объективті және жан-

жақты тергеу жүргізіліп, кінәлі адам жауапқа тартылатын болады. Сонымен қатар қызметтік тексеру жүргізілуде. Бұл қызметкер міндетті түрде теріс себептермен ішкі істер органдарынан шығарылады. Оған қоса осы салаға жетекшілік ететін басшыларға қатысты қатаң тәртіптік

шаралар қолданылатын болады», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жоғалып кеткен ер адамның денесі Жайық өзенінен табылғанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар