+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

БҚО-да полиция қызметкері қағып кеткен ер адам көз жұмды

2019 жылғы 13 желтоқсан 17:08
Бөлісіңіз:
БҚО-да полиция қызметкері қағып кеткен ер адам көз жұмды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкері көлігімен қағып кеткен ер адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстауда жол апатынан зардап шеккен әйел жедел жәрдемді екі сағат күтіп көз жұмды СҚО-да жылқыны соғып кеткен көліктің жүргізушісі жарақат алды Оралда екі жеңіл көлік түйісіп, 4 адам жарақат алды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, ер адам Орал қалалық көпбейінді ауруханасының жансақтау бөлімінде бүгін таңмен қайтыс болды.

Бұдан бұрын жазғанымыздай, оқиға Тасқала ауданы орталығында орын алды.

Аудандық полиция бөлімінің аға инспекторы Сәкен Қазжанов 2 желтоқсан күні «Шевроле Нива» автокөлігімен 56 жасар тұрғынды қағып кетіп, ер адам қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған еді.

Полиция қызметкеріне қатысты ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлігі (абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) және 347-бабы 1-бөлігіне (жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу) сәйкес қылмыстық іс қозғалған болатын.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің нақтылауынша, С.Қазжанов қызметінен босатылды. Сондай-ақ аталған қылмыстық іс ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне (абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) қайта дәрежеленді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT