БҚО-да пайдаланылмаған 149 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылмай жатқан 1,2 млн гектар жер анықталды. Бұл туралы өңір әкімі Ғали Есқалиев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Президент тапсырмасына сәйкес, соңғы екі жыл ішінде ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылмайтын 1,2 млн гектар жер анықталды. Оның ішінде 574 мың гектар жердің пайдаланушылары өз жер телімін игеруге кірісті, 149 мың га мемлекет меншігіне қайтарылды. Қалған жер пайдаланушылар бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен жұмыс жүріп жатыр», - деді Ғ. Есқалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Әкімнің айтуынша, бұл жұмыстар арнайы жасақталған геоақпараттық портал арқылы жүргізілген.

«Қазіргі уақытта геопортал орталық мемлекеттік органдардың базаларымен интеграциядан өтіп жатыр. Аталған жұмыстар аяқталған соң ауыл шаруашылығы жерлерін беру процесі автоматты түрде жүргізіледі», - деді БҚО әкімі.


Соңғы жаңалықтар