БҚО-да өзінің әйелін пышақтап тастаған күдікті іздестіріліп жатыр

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында өзінің әйелін пышақтап тастаған күдікті іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға Бәйтерек ауданы орталығы Переметный ауылында болды.

«8 сәуір күні сағат 01.40-та 1990 жылғы ер адам кафелердің бірінің маңында өзінің 28 жастағы әйеліне көптеген пышақ жарақатын салған. Содан кейін оқиға орнынан бой тасалаған. Зардап шеккен әйел Бәйтерек аудандық орталық ауруханасына жатқызылды. Қазіргі кезде күдіктінің жүрген жерін анықтау мақсатында жедел іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Бұған полицияның барлық күші жұмылдырылды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігі – 99-бабы 1-бөлігіне (кісі өлтіруге оқталу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда қалалық сот пен газет редакциясына бомба қойылғаны туралы хабар түскенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар