БҚО-да өзеннен ер адамның денесі табылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында өзеннен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 26 қыркүйек күні Теректі ауданы Жаңаөмір ауылына жақын маңдағы Барбастау өзенінде орын алды.

Сағат 13.28-де жедел құтқару жасағының күшімен (4 құтқарушы, 1 сүңгуір құралы, 1 техника) 1977 жылғы М-ның мүрдесі шығарылды.

Аталған ер адам 15 қыркүйекте белгісіз жағдайда жоғалып кеткен еді.


Соңғы жаңалықтар