БҚО-да өз ауылына медпункт салып берген кәсіпкер «Жыл меценаты» атанды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Қазталов ауданында кәсіпкер Нұрлыбай Жолдыбаев «Жыл меценаты» атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиында түрлі сала өкілдеріне «Жыл үздігі» марапаты мен алғысхаттарын табыс еткен кезде Нұрболат Жолдыбаевтың еңбегін ерекше атап өтті.

Н.Жолдыбаев Тәуелсіздіктің торқалы тойына орай туған жері Талдыапан ауылдық округіне қарасты Сарықұдық елді мекенінде өз қаражаты есебінен 5,2 млн. теңгеге медпункт салып берді. Жуырда ашылған медпунктте фельдшерлік және акушерлік кабинет, екпе бөлмесі жаңа аппараттармен қамтамасыз етілген. Енді ауыл тұрғындары алысқа бармай-ақ осында емделе алады.

Бір айта кетерлігі, кәсіпкер аталмыш ғимаратты мемлекет иелігіне ешқандай қайтарымсыз беріп отыр.

«Облыс көлемінде кәсіпкердің өз ауылына осылайша жаңа ғимарат салып беруі бірінші рет деуге болады. Оның бұл ісі үлгі етуге тұрарлық. Жалпы, ауданда кәсіпкерлердің өз ауылдарына қолұшын беруі бір бұл емес, мұндай жақсы үрдіс алдағы уақытта да жалғасын таба бермек», деді ҚазАқпарат тілшісіне аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр.

null  

Соңғы жаңалықтар