+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

БҚО-да отыздан астам саяжай үйі жанып кетті

2019 жылғы 8 қазан 17:00
Бөлісіңіз:
БҚО-да отыздан астам саяжай үйі жанып кетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында бір күнде отыздан астам саяжай үйі жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ҚР СІМ Нью-Делидегі өртке байланысты көңіл айтты Қызылордалық көршісінің бір айлық сәбиі мен жеті жасар баласын өрттен аман алып шықты Техастағы химия зауыты өртеніп жатыр

БҚО ТЖ департаментінің бастығы Жасұлан Жұмашевтің мәлім еткеніндей, оқиға кеше орын алды.

Орал қаласында сағат 12.33-те «Автомобилист», «Арматурщик», Бәйтерек ауданында «Яик» саяжай серіктестіктері өртенді. Барлығы 40 гектар жер жанып, 31 саяжай үйі (олардың көбі қараусыз қалған) мен шаруашылық құрылыстары отқа оранды. Теректі ауданы Әйтиев ауылы аумағында 25 га жер жанып, өрт бүгін сағат 08.10-да оқшауланып, 10.53-те сөндірілді.

Сағат 13.50-де Бәйтерек ауданы Озерный ауылында 150 га құрғақ шөп, бұта мен орман алқабы өртенді. «Тілсіз жау» бүгін сағат 11.01-де ауыздықталды. Шолпан елді мекенінен Рубежка ауылына 30 адам эвакуацияланып, олар ағайын-туыстарында паналап, бүгін үйлеріне қайтып оралды.



Сондай-ақ кеше сағат 13.45-те Сырым ауданы Жымпиты-Қособа жолында трактор тіркемесі мен 6 тонна пішен жанып кетті. Өрт 15.35-те сөндірілді.

Кеше сағат 20.04-те Орал қаласы аумағындағы «Көктем» саяжай серіктестігі, 109-учаскесінде саяжай үйі (25 шаршы метр) өртеніп, 21.30-да сөндірілді.

Соңғы үш күнде Батыс Қазақстан облысында 45 (соның 32-сі – құрғақ шөп) жану оқиғасы тіркелді.

Ж.Жұмашев табиғи өрт салдарынан зардап шеккен тұрғындар өтемақы алу үшін БҚО ТЖ департаментінен өрт жөніндегі актінің көшірмесін алып, сосын жергілікті атқарушы органдарға жолыққаннан кейін арнайы комиссия қарайтынын жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да далалық жер мен орман өртенгенін және 21 тонна пішеннің жанып кеткенін жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT