БҚО-да өртенген вагоннан ер адамның мүрдесі табылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында өртенген вагоннан ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға 24 қараша күні Бәйтерек ауданы Чесноков ауылы маңында болды.

Сағат 04.00 шамасында ауыл шаруашылығымен айналысатын ЖШС-ның тұрғын үй вагоны жанған.

Өрт сөндірілгеннен кейін 52 жастағы ер адамның мүрдесі табылды. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Өрт-техникалық зерттеу жүргізілетін болады.

Аталған вагонда екі ер адам болған. Түтін исінен оянған 34 жастағы жүргізуші сыртқа шығып үлгерген. Қайтқан адам жұмысшы болып істеген.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 204-бабына (бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар