БҚО-да өрт кезінде мал мен құс тірідей жанып кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында өрт кезінде мал мен құс тірідей жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 13 шілде күні сағат 03.18-де Қаратөбе ауданы Соналы ауылында орын алды.

Жеке тұрғын үйдің ауласында 13 тонна пішен мен қора-қопсы отқа оранды. Өрт аумағы 135 шаршы метрді қамтыды.

«Тілсіз жау» салдарынан 3 бас сиыр, 25 құс жанып кетті.

Өрт 08.10-да оқшауланып, 09.57-де сөндірілді.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде.

Соңғы жаңалықтар