+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

БҚО-да орманнан шыққан өрт ауылға кірді, адамдар эвакуацияланды

2020 жылғы 14 шілде 22:58
Бөлісіңіз:
БҚО-да орманнан шыққан өрт ауылға кірді, адамдар эвакуацияланды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында орманнан шыққан өрт ауылға кіріп, 40-тан астам адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде найзағай түскен қамыс алқабы өртеніп жатыр Петропавлдағы өрт ер адам мен екі баланың өмірін жалмады Қазақстанда өткен тәулікте 23 өрт оқиғасы тіркелді

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, Ақжайық ауданы Бударин ауылдық округі Коловертное ауылынан 10 км жерден шыққан табиғи өрт 13 және 14 шілде күндері 16 гектар аумақты қамтыды.

14 шілде күні сағат 18.02-де оқшауланған өрт салдарынан бір тұрғын үй, бір адам тұрмайтын үй және 4 шаруашылық құрылысы жанды. 42 адам эвакуацияланып, 15 бас ірі қара, 25 уақ жандық, 30 тауық шығарылды.

Аталмыш ауылда 55 үйде 130 адам тұрады. Кейін тұрғындар өз үйлеріне оралды, зардап шеккендер жоқ.

14 шілде күні сағат 09.27-де Теректі ауданы Шағатай мен Ақсоғым ауылдары арасында 16 гектар құрғақ шөп пен бұталар отқа оранды.

13 шілде күні өңірде 5 табиғи өрт (3 дала, 2 орман өрті) және 9 табиғи жану тіркелді. 14 шілде күні де 9 табиғи жану болды. Қазір өрт шарпыған аумақ нақтылану үстінде.

Оқиға орнына облыс әкімі Ғали Есқалиев барды. Өңір басшысының тапсырмасына сәйкес жедел штаб құрылып, жағдай бақылауға алынды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда орман алқабы отқа оранғанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT