БҚО-да оқушының шприц сұғып алу оқиғасы бойынша қызметтік тексеру жүргізілуде

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында оқушының шприц сұғып алу оқиғасы бойынша қызметтік тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

БҚО білім басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Жаңақала ауданы Жуалыой ауылындағы Х.Нұрымғалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 7-сынып оқушысы Елтыныш Аманжол 22 қазан күні 6-сыныпта оқитын Эльвира Жарастың сол жақ қарына шприц сұғып алған.

Оқушы медбикеге барып, алғашқы көмек алған.

Күні бүгін жарақат алған қыз бала аудандық емханада тексерістен өткізіліп, ем алуда және қосымша амбулаторлық бақылау тағайындалды.

Жалпы медициналық тексерістің алдын ала қорытындысы бойынша қан арқылы жұғатын қауіпті инфекциялық аурулардың белгілері анықталған жоқ.

Болған оқиғаға байланысты Жаңақала аудандық білім бөлімінің 25 қазандағы №104-1 бұйрығымен қызметтік тексеріс жүргізілуде.

Қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға тиісті шаралар қабылданатын болады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын оқушының қыз балаға шприц сұғып алғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар