БҚО-да «Нұрлы жол» бағдарламасына сәйкес тоғыз жоба жүзеге асырылуда

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы №775 қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облысында "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында биыл тоғыз жобаны жүзеге асыруға Ұлттық қор есебінен 2 млрд. 529,380 млн. теңге бөлінді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметі өңірлік филиалында БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ғалым Орынғалиев мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Оның айтуынша, осы қаржыға 28,8 км жылумен қамту желісін және облыстың төрт ауданында (Ақжайық, Бөрлі, Зеленов, Сырым) 185,7 км су құбырын қайта құру көзделуде.

Қазіргі таңда аталған жобалар бойынша мемлекеттік сатып алулар жүргізілуде.

Осы жобалар нәтижесінде 12 мыңнан астам тұрғыны бар 8 елді мекен сапалы ауыз сумен, сондай-ақ Ақсай қаласында 15 мыңнан астам адам жылумен қамтамасыз етілетін болады.

Айта кетейік, өткен жылы "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында бюджеттік несиелендіру тетіктері арқылы Орал мен Ақсай қалаларында жылу, сумен қамту және су бұрмалары желілерін қайта құру бойынша 10 жобаны жүзеге асыруға Ұлттық қор есебінен 2 554,3 млн. теңге қаралды. Соның нәтижесінде Оралда 1 670,6 млн. теңгеге 1,45 км жылу, 9,77 км сумен қамту және 4,1 км су бұрмалары желілері қайта құрылды. Қазіргі кезде Ақсай қаласында 649,1 млн. теңгеге Бестау су қоймасын қайта құру бойынша бір жоба жүзеге асырылуда. Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес мұндағы жөндеу жұмыстарын биылғы қазанда аяқтау жоспарлануда.

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 2016 жылдың қорытындысы бойынша су желілерінің тозуы 67,6 пайыздан 63,6 пайызға, су бұрмалары бойынша 66,6 пайыздан 63,5 пайызға, жылу құбыры бойынша 52,7 пайыздан 52,4 пайызға дейін төмендеді. 

Соңғы жаңалықтар