БҚО-да найзағайдан қырық шақты қой-ешкі қырылып қалды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 6 тамыз күні сағат 15.30 шамасында Ақжайық ауданы Есенсай ауылынан 1,5 шақырым жердегі тоғай жақтағы ағашқа найзағай түскен.

Есенсай ауылдық округінің әкімі Ғұмар Арыстанғалиевтің айтуынша, соның салдарынан өрісте жүрген 42 бас қой-ешкі қырылып қалған. Абырой болғанда, бақташы аман.

Еске сала кетейік, өткен жылы дәл сол жерде мал бағып жүрген 1959 жылғы тұрғын найзағай түсіп, қаза тапқан болатын. 

Соңғы жаңалықтар