БҚО-да мың жас әскер қатарын толықтырмақшы

None
None
ОРАЛ. 5 сәуір. ҚазАқпарат -Батыс Қазақстан облысында да жастарды көктемгі әскерге шақыру жұмыстары жүріп жатыр.

Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент мәліметіне қарағанда, бұл науқан 1 шілдеге дейін созылмақ. Биыл өңірден мың шамасында жас әскер қатарын толықтырмақшы, бұл өткен жылдардағыдан көп. Жыл сайын әскери қызметке 1700-дей адам шақырылып келсе, биыл олардың саны 2500-ге жетпек. Бұл келісім-шарт бойынша қызмет ететіндердің азайып, мерзімді шақыру бойынша баратындардың көбеюіне байланысты.

Аэромобильді әскер қатарын толықтырушылар да көбеймек. Оған жыл сайын 70-тен астам жас алынып келсе, енді бір ғана шақырылымның өзінде 100-ден астам батысқазақстандық десантшылар қатарын толықтырмақ.

Жаңадан әскерге алынғандардың алдыңғы легі 20 сәуірлерде аттанбақ, қазір олар медициналық комиссиядан өтуде. Биыл жастардың денсаулығына қойылатын талаптар да қатаңдатылды.

Соңғы жаңалықтар