БҚО-да мұзға қатып қала жаздаған аққулар құтқарылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында мұзға қатып қала жаздаған аққулар құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 18 қараша күні Жәнібек ауданы орталығы Жәнібек ауылында болды.

Жәнібек ауылдық округі әкімінің орынбасары ауылдың солтүстік-батыс жағындағы су қоймасында жабайы аққулардың мұзға қатып жатқаны жөнінде хабар түскен.

Жергілікті тұрғындардың сөзіне қарағанда, құстар таңертең мұзға жабысып қалған. Тұрғындар құстардың айналасындағы мұзды жарғанымен, алып шыға алмаған. Осылай түнге қалса, аққуларға одан сайын тоңып, өліп қалу қаупі төнді.

Оқиға орнына №21 өрт сөндіру бекетінің құтқарушылары жедел жетіп, аққуларды құтқарды.

Қазіргі уақытта құстар ауыл тұрғынының қорасына жеткізіліп, орналастырылды.

Таяуда жабайы аққуларды көктемге дейін жылы орынға орналастыру мәселесі шешілетін болады.


Соңғы жаңалықтар