БҚО-да мотоцикл мінген әкесі мен 5 жасар бала көз жұмды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Батыс Қазақстан облысындағы жол апатынан ер адам мен оның бес жасар ұлы көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 15 қыркүйек күні сағат 10.00 шамасында Теректі ауданы Подстепный ауылында болған. «Урал» мотоциклі мен «Toyota Rav-4» автокөлігі түйіскен.

Салдарынан мотоцикл жүргізушісі мен оның ұлы Орал қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Кейін олар  жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Аталған дерек бойынша, Теректі аудандық ішкі істер бөлімі ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес (жол қозғалысы ережесін бұзу) сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын облыста жеңіл автокөлік пен мотоцик соқтығысып, алты адамның жарақат алғанын жазған болатынбыз.

 

 

Соңғы жаңалықтар