БҚО-да «Менің Отаным - Қазақстан» туристік-өлкетану экспедициясы топтарының слеті өтті

None
None
ОРАЛ. 3 сәуір. ҚазАқпарат - Орал қаласында оқушылардың респуб­ли­калық «Менің Отаным - Қазақстан» туристік-өл­ке­тану экспедициясы топтарының облыстық слеті өтті.

Өрендерді отан­шыл­дық­қа, туған өлкенің мә­дени және табиғи мұ­раларын ұқыптылықпен қарау­ға тәрбиелеу мақсатында жылда ұйым­дастырылатын шараға биыл 82 оқушы қатысты. Әр ау­даннан келген топтар турис­тік-өлке­та­нушылық жұмыста­рын көр­­сетіп, нәтижесінде Орал қа­ла­сының тобы І, Сырым және Ақжайық ауданда­ры­ның топтары ІІ,ІІІ орындарға ие болды. Сондай-ақ шәкірттер өз ауыл-аймағының тарихы, таби­ғаты, халықтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы мен өнері жө­ніндегі зерттеу жұмыстарын талқыға сал­ды. Бұл байқауда тас­қалалық Н.Ғилман, ақжа­йық­тық Г.Құса­йынова, жәнібектік А.Ысқақова, зеленовтық Т.Бо­жедомова сынды балғын зерттеушілер алда болды.

Соңғы жаңалықтар