Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.05 EUR 428.25
RUB 5.84 CNY 54.65
Jańalyqtar

БҚО-да мектептің төбесі опырылып түсті

2019 жылғы 29 наурыз 15:30 1648
Бөлісіңіз:
 БҚО-да мектептің төбесі опырылып түсті

ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы Сарықұдық ауылында мектептің төбесі құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше сағат 20.40-та болған.

Бір қабатты ғимаратта информатика кабинеті мен спорт залының төбесі ішінара опырылып түскен. Аумағы 60 шаршы метрді құрады. Көктемгі демалыс уақыты болғандықтан, ғимаратта оқушылар болмаған. Зардап шеккендер жоқ.

1977 жылы салынған мектептің жалпы аумағы - 624 шаршы метр. Ғимарат 2015 жылы апатты жағдайда деп танылған.

Аудан әкімдігінің деректері бойынша, мектептің орнына жаңасын салу мақсатында жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, ол сараптамадан өтіп те қойған.

Облыстық ТЖ департаментінің бастығы Жасұлан Жұмашев бүгінгі брифингте мәлім еткеніндей, биыл өңірде қардың көптігінен барлығы 29 ғимараттың шатырына нұқсан келді. Олардың барлығы салынғанына 40-50 жыл болған ескі үйлер.

Орал қаласында 26 тұрғын үй мен әлеуметтік нысанның шатыры бүлінді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда №1 емхананың шатыры опырылып түскенін жазған болатынбыз. 


null 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT