БҚО-да мас жүргізуші айдаған автокөлік аударылып, үш адам зардап шекті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында мас жүргізуші айдаған автокөлік аударылып, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 14 наурыз күні сағат 12.30 шамасында Орал-Кирсанов жолы бойында болды.

1986 жылғы жүргізуші «Шевролет Нива» көлігінің аударылуына жол берген.

Соның салдарынан жүргізушіге қоса автокөлікте отырған 1968 және 1978 жылғы әйелдер жарақат алған.

Алдын ала мәлімет бойынша әйелдің бірінің миына, екіншісінің іш құрылысына зақым келген. Олар Орал қалалық көпбейінді ауруханасына жіберілді.

Ал мас күйінде болған жүргізуші Бәйтерек ауданы Дариян ауылындағы аудандық ауруханаға жатқызылды.

Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Қазіргі кезде Приурал полиция бөлімі осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 345-бабы 1-бөлігіне сәйкес тергеу амалдарын жүргізуде.


Соңғы жаңалықтар