БҚО-да малдарымен бірге қора жанып кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылында малдарымен бірге қора жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудандық ТЖ бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 14 маусым күні шамамен сағат 16.50-де орын алды.

Үй ауласында гараж, сарай, 4 тонна пішен, сондай-ақ қорада тұрған үш бас баспақ, ешкі және 25 тауық отқа оранды. Өрттің жалпы аумағы 190 шаршы метрді қамтыды.

«Тілсіз жауды» №30 өрт сөндіру бөлімі, ауылдағы ерікті өрт сөндіруші жасағы ауыздықтады.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталуда.

Соңғы жаңалықтар