БҚО-да мал ұрлығымен айналысқан ұйымдасқан топ ұсталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында «Барымташы» республикалық жедел алдын алу шарасы барысында 43 мал ұрлығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде 11 қылмыстың ізі суымай ашылды.

19 қылмыс бұрын жасалған мал ұрлығы болса, 13-і өткен жылдардың үлесіне тиеді.

Атап айтқанда, БҚО полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы мен Жаңақала аудандық полиция бөлімі ұйымдасқан топты қолға түсірді. Бұлардың Жаңақала және Бөкей ордасы аудандарында 13 мәрте мал ұрлығын жасағаны әшкереленді.

Полиция департаменті мал әдетте еркін жайылыста жүргенде, қолды болатындықтан, оларды бақылау үшін GPS-трекер құрылғысын орнату керектігін еске салады.

Соңғы жаңалықтар