+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

БҚО-да «Лидер» қаржы пирамидасынан зардап шеккендер іздестірілуде

2020 жылғы 3 маусым 16:35
Бөлісіңіз:
БҚО-да «Лидер» қаржы пирамидасынан зардап шеккендер іздестірілуде

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстанда «Лидер» қаржы пирамидасынан зардап шеккендер іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда дәріхананы тонап кетті Түлкібаста бақташы өзіне сеніп тапсырылған қойларды сатып жіберген СҚО-да елді «аруақ шақырып емдеген» екі әйел ұсталды

БҚО бойынша экономикалық тергеу департаменті мәлім еткеніндей, қазіргі кезде қаржылық (инвестициялық) пирамида құру дерегіне қатысты ҚР ҚК 217-бабына сәйкес қылмыстық іс тергелуде.

Аталмыш департаментке алданып қалған азаматтан арыз түскен. Ол «Лидер» жобасы бойынша инвестицияланған қаражаттың 10 күн ішінде 100 пайыз сыйақымен қайтарылатыны жөнінде WhatsApp мессенджері арқылы таралған хабарламаға сеніп қалып, 55 мың теңгесін аударып жіберген. Алайда шарт орындалмай, ақшасынан айырылған.

«Біз басқа да алданып қалған тұрғындарды іздестірудеміз. «Лидер» пирамидасынан зардап шеккендер 8-711-2-53-84-27 телефонына хабарласа алады», деп хабарлады БҚО бойынша экономикалық тергеу департаменті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 10,4 млн астам теңгені жымқырған балабақша бухгалтері сотталғанын жазған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT