БҚО-да күшті желге байланысты жолдар жабылып, ескерту жарияланды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында күшті желге байланысты жолдар жабылып, ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, бұрқасын көтеріліп, желдің жылдамдығы секундына 20 метрге жетуіне байланысты жергілікті сағат 20.00-ден бастап республикалық маңызы бар «Қазталов-Жәнібек-РФ шекарасы» жолында барлық көлік түрлері үшін шектеу қойылды.

Сонымен қатар «Өнеге-Бисен-Сайқын» жолы да жабылды.

Оған қоса облыста 16 қаңтар күні желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал екендігі жөнінде ескерту жарияланды.

Қазіргі кезде тұрғындар арасында төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті шаралар қолға алынуда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын да боран мен көктайғаққа байланысты жолдардың жабылғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар