БҚО-да күшті желден ағаштар құлап, тұрғындар жарықсыз қалды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО-да күшті желдің салдарынан ағаштар құлап, электр желілері үзілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ТЖ департаментінің баспасөз хатшысы Нұргүл Мұқанованың айтуынша, кеше сағат 21.30-23.00 аралығында 112 телефонына бес рет қоңырау шалынған.

Сағат 21.00-де Оралда Еуразия мен Достық даңғылдарының қиылысында жолға ағаш құлады. 22.04-те Еуразия даңғылындағы 27-мектепке қарсы бетке жолға тағы бір ағаш құлады. 22.05-те Зеленов ауданы Мичурин ауылы мен қаладағы 2-жұмысшы кентінде электр жарығы өшіп қалды. Жағдай сағат 23.05-те қалпына келтірілді.

Сондай-ақ, Әбубәкір Кердері  мен Деповская көшелерінде жарық өшіп, электр желісіне ағаш құлады. Бұл оқиғалардан ешкім зардап шеккен жоқ.

Еске сала кетейік, 25-26 мамыр күндері желдің күшейетіні ескерту жарияланғанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар