+7 (701) 759 90 19
USD 419.66 EUR 500.44
RUB 5.62 CNY 64.73
Jańalyqtar

БҚО-да құны 17 млн теңгеден асатын киік мүйізін алып бара жатқандар ұсталды

2021 жылғы 22 ақпан 19:48
Бөлісіңіз:
БҚО-да құны 17 млн теңгеден асатын киік мүйізін алып бара жатқандар ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысының шекарашылары жүксалғышына 219 киіктің жаңа кесілген мүйізін алып бара жатқандарды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 2021 жылдың 20 ақпанында болған. Батыс Қазақстан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі департаментінің әскери қызметшілері БҚО бойынша Экономикалық қылмыстарды тергеу департаменті және облыстық ПД Криминалды полиция басқармасымен бірлесіп, жүксалғышына 219 киіктің жаңа кесілген мүйіздері тиелген жеңіл автокөлікті ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұсталған азамат көліктегі жүгімен бірге Орал қалалық полиция басқармасының Зачаган полиция бөліміне тапсырылды.

Тасымалдаушы - Қазақстан азаматына қатысты ҚР Заңы ҚК-нің 339-бабы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алдын ала есеп бойынша келтірілген шығын 17440000 теңгені құрайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT