БҚО-да қостанайлықтарға қаражат жинау үшін орталықтандырылған есепшот ашылды

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында табиғи апаттан зардап шеккен қостанайлықтарға қаражат жинау үшін орталықтандырылған есепшот ашылды. Бұл туралы облыс әкімі Ғали Есқалиев Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ғ.Есқалиевтің мәлім еткеніндей, ол Қостанай облысындағы әріптестерімен сөйлесіп, өңір тұрғындарының алаңдаушылығын білдірген.

Сонымен бірге Ақ Жайық жұртшылығы зардап шеккендерге көмек көрсетуге дайын екенін жеткізген.

«Қостанайлық әріптестер түсетін қаражаттар бір есепшотқа жиналып, қоғам өкілдерінен тұратын комиссия құрылатынын және түскен қаражаттың қайда жұмсалғаны туралы есеп берілетінін де айтты. Сондай-ақ, қазіргі таңда азық-түлік пен киім-кешектің аса қажеттілігі жоқ екенін және қажетті нәрселер жиналған қордан қарастырылып алынатынын жеткізді.

Өкінішке орай, осындай төтенше жағдай кезінде алаяқтардың да пайда болатыны белгілі. Сол себепті көмек көрсетуге ниет білдірген батысқазақстандықтар үшін орталықтандырылған бір есепшот ашылғанын хабарлаймын.

Есепшот туралы ақпарат:

Kaspi Bank: 4400 4302 8692 1520

+77016357801 Айгүл Түркина (қоғам белсендісі)», - деп жазды облыс әкімі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қостанай облысында табиғи апаттан зардап шеккендерге БҚО-дан көмек ұйымдастырылып жатқанын жазған болатынбыз.






Фото: www.facebook.com/gali.iskaliyev



Соңғы жаңалықтар