Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.19 EUR 426.63
RUB 5.92 CNY 56.54
Jańalyqtar

БҚО-да қос автокөлік соқтығысып, жеті адам жарақат алды

2018 жылғы 18 желтоқсан 13:54 912
Бөлісіңіз:
БҚО-да қос автокөлік соқтығысып, жеті адам жарақат алды

  ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Батыс Қазақстан облысында қос автокөлік түйісіп, жеті адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мадейрада қаза тапқан туристердің басым бөлігі - Германия азаматтары БҚО-да жол апатынан бір адам қаза тауып, екіншісі ауруханаға түсті

БҚО ТЖ департаменінен алынған мәліметке қарағанда, жол апаты 15 желтоқсан күні кешкісін сағат 20.07-де Орал-Саратов жолының 14-шақырымында орын алды.

«Фольксваген Пассат» және «ВАЗ-2107» автокөліктері соқтығысты. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар (4 қызметкер, 1 көлік) автокөлікте қысылып қалған 1992 жылғы жүргізушіні босатып алды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылағанындай, оқиға орнында 3 жедел жәрдем бригадасы жұмыс жасады.

Жол апаты салдарынан 1967, 1994, 1992 жылғы ер адамдар, 1995 жылғы екі жігіт, 2002 жылғы бозбала және 1997 жылғы келіншек түрлі жарақатпен қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Олардың біреуі амбулаторлық ем алуға жіберіліп, қалғаны ауруханаға жатқызылды. Бәрінің жағдайы орташа.

Еске сала кетейік, сол күні көктайғаққа байланысты жолдардың жабылғанын жазған болатынбыз.

 
БҚО-да қос автокөлік соқтығысып, жеті адам жарақат алды 
БҚО-да қос автокөлік соқтығысып, жеті адам жарақат алды  

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
MURAǴAT