БҚО-да көршісі 4 және 5 жастағы қыздарды зорлаған - БАҚ

None
None
ТЕРЕКТІ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысы ауылдарының бірінде 19 жастағы жігіт екі кішкентай қызға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсетті деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Полиция департаментінен мәлім еткендей, факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

«Теректі ауданының полиция бөлімі облыстың екі тұрғынынан түскен арыз бойынша ҚР ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Сараптамалар тағайындалды. Күдікті ұсталды», - деді департаменттен.

«Хабар 24» телеарнасының хабарлауынша, 19 жастағы жігіт БҚО-ның Жаңа өмір ауылында кішкентай қыздарды зорлады деген күдікпен қолға түсті. Зардап шеккендер 4 және 5 жаста. Қазір олар ауруханада жатыр. Күдіктінің өзі олармен көршілес тұрған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, ол көрші үйде тұрған екі жас қызды зорлаған. Бұл туралы 7 тамыз күні қыздардың бірі полицияда жұмыс істейтін әкесіне айтқан соң белгілі болды. Журналистерге бұл туралы БҚО қорғаушылар мекемесіндегі дереккөз хабарлады. Ауылда бұл ақпаратты белгісіз болып қалғысы келген жергілікті тұрғын растап берді. Оның айтуынша, екі қыздың біреуі қалада тұрады, бірақ қылмыс кезінде кентіндегі туыстарына қонаққа келген... Ұсталған азамат жақында әскерден келген, әскерге дейін төбелеске қатысқаны үшін бірнеше рет полицияға жеткізілгені белгілі болды. Бүгін, 9 тамызда, сот күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын қолдану туралы шешімін шығаруы тиіс. Ол тергеу кезінде қамауда болады», - делінген ақпаратта.



Соңғы жаңалықтар