+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

БҚО-да коронавирусты емдеуге қажетті құрал-жабдық жеткілікті

2020 жылғы 20 қараша 22:51
Бөлісіңіз:
БҚО-да коронавирусты емдеуге қажетті құрал-жабдық жеткілікті

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында коронавирусты емдеуге қажетті құрал-жабдықтар жеткілікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада 6,3 млрд теңгеге модульдік аурухана салынып жатыр Коронавирус көбіне профилактикалық шараның сақталмауынан тарайды – дәрігер Түркістан облысында 10 науқас коронавирустан ем қабылдап жатыр

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Әбдірахманованың өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде мәлім еткеніндей, қазіргі таңда медицина ұйымдарында 185 өкпені жасанды желдету аппараты, 645 оттегі концентраторы, 1 063 оксиметр, 425 Бобров аппараты бар.

Қазіргі таңда жалпы трансферттер және жергілікті бюджет есебінен 15 өкпені жасанды желдету аппараты, 49 инфузомат, 47 пациент мониторы, 7 цифрлы рентген аппараты, басқа да керекті құрал-жабдық әкелінді.

Медицина мекемелерінде жеке қорғаныс құралдарының 1,5 айға жететін қоры бар.

Оның сөзіне қарағанда, облыс болуы ықтимал коронавирустың екінші толқынына дайын.

Ресеймен шекарадағы Тасқала, Жәнібек, Ақсай және Сырым санитарлық бекеттерінің жанынан ашылған 185 орынды төрт карантин стационарында күні бүгін 27 адам жатыр.

Қосымша резерв есебінен Бөкей ордасы ауданында 16 төсекті жұқпалы аурулар орны ашылды. Қазір облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы, облыстық көпбейінді аурухана және Бөрлі, Ақжайық, Жәнібек, Бәйтерек және Бөкей ордасы аудандық ауруханалары базасында 349 төсек-орын жеті жұқпалы аурулар стационарында 129 адам емделуде. Соның ішінде 8 адам жансақтау бөлімінде. Өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған адам жоқ.

Басқарма басшысының орынбасары ҚазАқпарат тілшісінің «Дәрігер маман ретінде Кавасаки тәрізді синдром жөнінде не айтар едіңіз?» деген сауалына да жауап берді.

«Кавасаки тәрізді синдром – коронавируспен ауырған балаларда болатын асқынудың бірі. Үш-төрт аптадан кейін бұл дерттің белгісі пайда болуы мүмкін. Яғни 3-5 күннің ішінде баланың 40 градусқа дейін қызуы көтеріліп, бөртпе, конъюктивит, асқазан мен ішек жолдарының зақымдануы, сұйық нәжіс, құсу симптомдары кездеседі. Осындай белгілер пайда бола қалған жағдайда облыстық балалар ауруханасында ем алады. Аталған ауруханада құрамына инфекционист, кардиолог, реаниматолог, педиатр кіретін арнайы топ құрылды. Бұл дертті де емдеуге қажетті дәрі-дәрмек бар. Өңірде Кавасаки тәрізді синдромға шалдыққан бала тіркелген жоқ», - деді Г.Әбдірахманова.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да қараша айында 80-ге жуық нысанның санитарлық талапты бұзғанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT