+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

БҚО-да коронавирустан қайтқандардың 70 пайыздан астамы – егде адамдар

2020 жылғы 16 қазан 13:10
Бөлісіңіз:
БҚО-да коронавирустан қайтқандардың 70 пайыздан астамы – егде адамдар

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында коронавирустан қайтқандардың 70 пайыздан астамы – егде адамдар. Бұл туралы брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Қаюпов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанға автокөлік арқылы кірген 122 адамнан коронавирус анықталды – ДСМ Қазақстанның 12 облысында коронавирус жұқтыру деңгейі қайта өсіп барады Шетелдік ғалым Қазақстанда COVID-19-дың шарықтау шегі қашан болатынын болжады

Оның айтуынша, биыл індеттен 110 адам көз жұмды.

Сондай-ақ 214 адам пневмония дертінен өмірден озды.

Болатбек Амангелдіұлының сөзіне қарағанда, пандемия уақытынан бері үйінде қайтыс болған бірде-бір адам тіркелген жоқ. Яғни облыстық денсаулық сақтау қызметі емделушілерге ауруханаларда да, амбулаторлық жағдайда да барынша көмек көрсетті.

Бастапқыда, сәуір-маусым аралығында індет Ресейде жұмыс істеп келген тұрғындардан, транзиттік жүргізушілерден, Өзбекстан азаматтарынан анықталды. Ал маусым айынан бастап облыс тұрғындары арасында көбейіп кетті. Мамыр айында Теңіз кен орындарында жұмыс істейтін 2700-ден астам адам облысқа оралса, солардың басым көпшілігі COVID-19 жұқтырды.

Мұның бәрі шектеу шараларының жеңілдетілуімен тұспа-тұс келді. Тұрғындар жаппай көшеге шықты, дүкен, саябақтарды аралап, серуендеді, той, қонақтыққа барып, көпшілік шаралар өткізді.

Өткен кезеңге жасалған талдау көрсеткеніндей, ковидтің бар екендігіне сенбеушілік, санитарлық талаптардың сақталуына жауапсыз қарау індеттің маусым-шілде айларында жаппай өршуіне әкелді.

«Жедел жәрдем шақыру тәулігіне 1400-ге жетіп, екі есе көбейгенде, біз қиындықтарға тап болдық. Барлық науқасты қамту мүмкін болмай қалды. Оның үстіне автокөліктердің санитарлық тазалықтан өтуге тиіс болуы медициналық көмекті кешіктірді. Сол кезде жұмысты күшейту мақсатында 63 автокөлікпен қамтылған жедел жәрдем стансасынан бөлек 123 мобильді топ құрылып, олар амбулаторлық ем алған азаматтарға қолұшын берді. Облыс әкімінің ұсынысымен барлық мемлекеттік органдар автокөлік бөліп, қолдау көрсетті. Біз автокөліктерді қалалық емханаларға бекітіп бердік», деді Болатбек Қаюпов.

Облыс көлемінде басқа да тиісті жұмыстардың атқарылғанын айтқан денсаулық сақтау басқармасының басшысы енгізілген шектеу шараларының тиімділігін, соның нәтижесінде коронавирусқа шалдығу көрсеткіші төмендегенін атап өтті.

«Қоғамда санитарлық талаптарды толық сақтамайынша, аса қауіпті індетті жеңу мүмкін емес. Адамдардың өзін-өзі қорғауы ғана коронавирус жұқтырудан аман шығатынын тәжірибе көрсетіп отыр. Маска тағып, қолды жиі дезинфекциялап, көпшілік шараға қатысуды қысқартудың не қиындығы бар. Өкінішке қарай, індеттің қаупін сезінбейтіндер әлі де көп. Әсіресе, егде адамдарды сақтай білейік», деп түйіндеді сөзін Б.Қаюпов.

Батыс Қазақстанда өткен тәулікте 5 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталып, жалпы саны 6903-ке жетті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанға жаңадан 37 реанимобиль жеткізілетінін жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT