БҚО-да коронавируспен ауырғандар саны 40 пайызға өсті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында шілде айында 1205 адамнан індет табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, соның ішінде 67 пайызынан (803) ЖРВИ белгілері бойынша тексерілгенде анықталды.

Сондай-ақ 15 пайызы (177) бұрын ауырғандармен қарым-қатынаста болған. 17 пайызынан (211) профилактикалық мақсатта, 1 пайызынан (14) стационарға жатқызу алдында сынама алынған.

Соңғы аптада (1-7 шілде) алдыңғымен (24-30 маусым) салыстырғанда, індет жұқтыру көрсеткіші 41,6 пайызға өсті.

Нұрлыбек Ермекұлының сөзіне қарағанда, ауырғандардың 41 пайызы (497) Орал қаласында, 16 пайызы (196) Бәйтерек, 15 пайызы (175) Бөрлі және 4 пайызы (53) Теректі ауданында тіркелген.

Жас ерекшелігі бойынша 112-сі – 14 жасқа дейінгілер, 54-і – 15-17, 98-і – 18-25, 318-і – 26-40, 385-і – 41-60 жас аралығындағылар, 238-і – алпыстан асқандар. Сырқаттанғандардың көпшілігі 41-60 жастағылар болғанымен, індет түрлі жастағылар, соның ішінде балалар арасында да тез тарауда. Сондықтан қазіргідей күрделі кезеңде тұрғындардың санитарлық талаптарды сақтауы аса маңызды.

Соңғы аптада мониторинг топтары 134 рейд жүргізіп, 535 нысанды қамтыды. 14 нысанда карантин талабын бұзушылық анықталды. 14 хаттама толтырылып, 1 млн 866,8 мың теңге айыппұл салынды. Екі нысанның жұмысын уақытша шектеу үшін экономикалық сотқа материал дайындалуда.

«Бүгінгі таңда «Ashyq« қосымшасымен облыс бойынша барлығы 562 нысан жұмыс істейді. 26 сәуірден бері осы нысандарға үйлерінде оқшаулануы тиіс «қызыл» және «сары» мәртебесі бар 429 адамның (213-і «қызыл», 216-сы «сары») кірмек болғаны анықталды. Карантин талабын бұзғандарға әкімшілік хаттама толтыру үшін 14 қаулы берілді», деді Н.Мұстаев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Италиядағы турнирдің екінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар