БҚО-да коронавирусқа шалдыққандар 11 инфекциялық стационарда ем қабылдауда

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 1110 төсектік 11 инфекциялық стационарда коронавирусқа шалдыққан 631 науқас жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасынан мәлім еткеніндей, соның ішінде 31-і жансақтау бөлімінде ем алуда.

Облыста осы кезге дейін 17738 адам коронавирус жұқтырып, соның 14070-і сауығып шықты. 267 адам көз жұмды.

Соңғы тәулікте - 231, бір аптада 1125 адам тіркелді.

Пневмониямен ауырған 479 адам стационарда, 42-сі амбулаторлық ем алуда.

Инвазивті жасанды тыныс алу аппаратына - 7, инвазивті емес құрылғыға - 5, оттегі концентраторына - 24, орталықтандырылған оттегі көзіне 132 адам қосылған.

Басқарма мәліметіне қарағанда, жыл басынан бері 619 бала коронавирус жұқтырған.

«Облыста індетке қарсы егу жұмыстары жалғасуда. Күні бүгінге дейін 23870 адам вакцинаның бірінші, 5014-і екінші компонентімен егілді», деп хабарлады БҚО денсаулық сақтау басқармасы.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстан облысында 24 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы екпе салдырғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар