БҚО-да коронавирусқа шалдыққан 34 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында коронавирусқа шалдыққан 34 науқас жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, өңірде 1123 төсектік 18 инфекциялық стационарда емделіп жатқандар саны 441-ге жетті.

Соның ішінде Орал қаласында 600 төсектік 5 стационарда 362 науқас жатыр.

Соңғы аптада алдыңғымен салыстырғанда, ауру жұқтыру көрсеткіші 5,7 пайызға (30 адамға) төмендегенімен, ауруханаға түсіп жатқандар саны азайып отырған жоқ.

Облыста жыл басынан бері 14867 адам індет жұқтырса, соның 55,5 пайызы (8262) Орал қаласында, 14,3 пайызы (2130) Бәйтерек, 11,1 пайызы (1662) Бөрлі ауданында тіркеліп отыр.

Соңғы тәулікте 66 адамнан коронавирус табылса, 48-і емделіп шықты.

Індет басталғаннан бері 24088 науқас тіркелсе, соның 19218-і жазылып шықты. Соның ішінде 8925-і стационарда, 10293-і амбулаторлық ем алды. 351 адам өмірден озды.

Облыс бойынша 82198 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші, 49744-і екінші компонентімен егілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда коронавирус жұқтырған 430 адамның стационарда емделіп жатырғанын жазған едік.




Соңғы жаңалықтар