БҚО-да коронавирусқа қарсы екпе алғандар саны 20 мыңнан асты

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында коронавирусқа қарсы екпе алғандар саны 20 мыңнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, вакцинация басталғаннан бері өңірге 34300 доза (24150-і – бірінші, 10150-і – екінші компонент) жеткізілді.

Күні бүгінге дейін 20105 адам І компонентпен егілсе, соның 5137-сі – медицина қызметкерлері, 3740-і – педагогтар, 1631-і – құқық қорғау, 9597-сі – басқа сала өкілдері.

Сондай-ақ 4109 адам екпенің ІІ компонентін алды.

2 сәуір күні түскен 10150 доза (І компонент) түгелдей жұмсалды. БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәліметіне қарағанда, екпе алған 10150 адамның 4200-і – медицина қызметкерлері, 2445-і – педагогтар, 875-і – құқық қорғау органдарының өкілдері, 2630-ы – басқалар.

Сонымен қатар 9 сәуір күні түскен 14 мың доза да (І компонент) медицина ұйымдарына бөлініп берілді. Осыдан кеше 2890 адам егілді.

Жалпы, бұл партиядан 9955 адам (71,1 пайыз) вакцинаның І компонентін алды.

«Облысқа осы айда тағы 35 мың доза вакцина жеткізілмек. Өңірде егу кабинеттері 7 мемлекеттік қалалық емханада, 7 жеке клиникада, сондай-ақ 15 аудандық, 1 ауылдық ауруханада жұмыс жасауда», деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда бір күнде 3 мыңнан астам адамның індетке қарсы егілгенін, бір аптада 821 адамнан коронавирус табылғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ төртінші тоқсанда 115 оқушыдан коронавирус табылды.






Соңғы жаңалықтар