USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

БҚО-да коронавирус жұқтырған екі жасар баланың жағдайы өте ауыр

2020 жылғы 2 маусым 13:32
Бөлісіңіз:
БҚО-да коронавирус жұқтырған екі жасар баланың жағдайы өте ауыр

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған екі жасар баланың жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан өңірлерінің басым бөлігі әлі «қызыл» аймақта тұр Соңғы тәулікте 12 адам коронавирустан көз жұмды 3 657 науқас коронавирустан жазылды

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметованың айтуынша, сәби жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Ауруханада аппаратқа қосылған тағы үш адам ауыр халде. Қазіргі таңда мұнда 132 науқас ем алуда.

БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, облыста барлығы 376 адам коронавирустан емделіп жатса, 316-сы жазылып шықты.

Сондай-ақ 20 адам провизорлық, 165 адам карантиндік стационарда жатыр, үйінде оқшауланған 1266 адам дәрігерлердің бақылауында.

Өңірде соңғы тіркелген 27 науқастың екеуі – Ресейде жұмыс істейтін Түркістан облысының тұрғындары. Самара облысымен шектесетін «Сырым» автоөткелінен өткеннен кейін олар карантиндік стационарға жатқызылған.

Бұрын коронавирусқа шалдыққандармен қарым-қатынаста болған облыстың 19 тұрғынынан ауру анықталды. Сонымен қатар алты адамнан профилактикалық мақсатта сынама алынған, олардың екеуі – медицина қызметкерлері.

Осылайша, ауырғандардың жалпы саны 692-ге жетті. Облыста індетке қарсы күрес жалғасуда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда үш науқастың өкпені жасанды желдету аппаратына қосылғанын жазған болатынбыз.

https://www.inform.kz/kz/koronavirus-oralda-ush-naukas-okpenizhasandy-zheldetu-apparatyna-kosylgan_a3656431


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT