+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

БҚО-да коронавирус жұқтырған екі адам Өзбекстан азаматы болып шықты

2020 жылғы 9 сәуір 11:35
Бөлісіңіз:
БҚО-да коронавирус жұқтырған екі адам Өзбекстан азаматы болып шықты

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған өзбекстандық азаматтар болып шықты. Бұл туралы брифингте БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда коронавируспен күреске аудан дәрігерлері мен ЖОО түлектері тартылады Бір той жасаймын деп қаншама адамның обалына қалмасына кім кепіл - Бақыт Смағұл Вирус жоқ деп, опық жеп қалмаңыз - Ұлытау ауданы іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы

М.Арыспаевтың айтуынша, 37 және 34 жастағы жүк көлігінің жүргізушілері 8 сәуір күні Мәскеуден келген.

Самара облысымен шекарадағы «Сырым» өткізу бекетінде эпидемиолог мамандар сауалнама жүргізіп, аталған екі адам жедел жәрдем көлігімен бірден провизорлық госпитальға жеткізілді. Екеуінен де кеше зертханалық сынама алынып, коронавирусқа шалдыққаны анықталды.

«Күніне 200-300-дей автокөлік өтетін «Сырым», сондай-ақ «Тасқала» және «Ақсай» өткізу бекеттерінде санитарлық-эпидемиологиялық шаралар күшейтілуде», деді М.Арыспаев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын батысқазақстандық волонтерлердің полицейлер мен дәрігерлерге ыстық тамақ жеткізгенін жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT