БҚО-да коронавирус жұқтырған азамат - 58 жастағы Орал тұрғыны

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 58 жастағы Орал қаласының тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекетік комиссияның Жедел табына сілтеме жасап.

Жедел штаб таратқан мәліметтерге қарағанда, науқас коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты үй карантиніне жатқызылып, зертханалық сынама алынған.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен одан COVID-19 диагнозы нақтыланды.

«Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Ауру ошақтарында эпидемиологиялық зерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр»,-делінген хабарламада.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында қазір коронавирус жұқтырғандар саны 63 адамға жетті, 2 адам індеттен айығып кетті.


Соңғы жаңалықтар