БҚО-да коронавирус жұқтырған 250-ден астам адам стационарда емделіп жатыр

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған 253 адам стационарларда емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, соның ішінде 122-сі Орал қаласындағы модульдік стационарда, 98-і облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Облыс стационарлары 27,2 пайызға толған.

Күні бүгін 23 науқас жансақтау бөлімшесінде болса, соның біреуі инвазивті жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Сондай-ақ 821 адам амбулаторлық ем алуда.

Жыл басынан бері 29 153 адам коронавирус жұқтырса, соның 20 147-сінде ауру белгілері болды.

Биыл бойынан індет табылған 2 790 баланың 2 692-сі жазылып шықты. 98-і әлі емделу үстінде.

Басқарма мәліметіне қарағанда, өткен тәулікте 145 адам вакцинаның бірінші компонентімен егілді.

Вакцинация басталғаннан бері 229 994 адам бірінші компонентті қабылдады, бұл – егілуге тиісті тұрғындардың 55,5 пайызы.

Оған қоса 207 976-сы екінші компонентпен егілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда соңғы аптада коронавирус жұқтырғандар саны 10,2 пайызға төмендегенін жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар