БҚО-да коронавирус жұқтырған 224 науқас стационарда емделіп жатыр

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған 224 науқас стационарларда емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткендей, олардың бәрі де Орал қаласындағы 4 ауруханада.

Қазіргі кезде қаладағы стационарлар 58 пайызға толған.

Солардың ішінде 6 науқас ауыр халде, жансақтау бөлімшесінде ем алуда.

Жыл басынан бері 2315 адам коронавирус жұқтырды. 5 науқас көз жұмды. Індет табылған 77 баланың төртеуі жазылып шықса, қалғаны сауығу үстінде.

Басқармадан түскен мәліметке қарағанда, облыс бойынша 261 403 адам (егілуге жататын тұрғындардың 63,1 пайызы) вакцинаның бірінші, 246 604-і (59,5 пайызы) екінші компонентімен егілді.

Қазіргі кезде облыста 102 219 доза бірінші, 128 149 доза екінші компонент бар.

Өңірде 29 904 адам ревакцинациядан өтті. Сондай-ақ 7070 адам Pfizer вакцинасын қабылдаса, соның 254-і – жүкті, 3164-і – бала емізетін әйелдер, 3652-сі – жасөспірімдер.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 260 мыңға жуық адамның коронавирусқа қарсы екпе салдырғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар