БҚО-да коронавирус жұқтырған 1,4 мыңға жуық науқас амбулаторияда емделіп жүр

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған 1359 науқас амбулаторлық ем алып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, сонымен қатар 511 адам инфекциялық стационарларда емделуде.

Соның ішінде Оралда 401, Ақсай қаласында 52 науқас ем қабылдауда. Қалғандары облыс аудандарында.

Басқарма мәліметіне қарағанда, күні бүгін 39 адам жансақтау бөлімінде. Соның бесеуі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Облыста соңғы тәулікте коронавирус жұқтырған 124 адам тіркелді. Сондай-ақ соңғы тәулікте 127 науқас жазылып шықты.

Өңірде тұрғындарды індетке қарсы вакцинациялау жұмыстары жалғасуда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да соңғы төрт тәулікте 335 адамнан індет анықталғанын, Батыс Қазақстанда 209 мыңға жуық адамның коронавирусқа қарсы вакцина салдырғанын жазған болатынбыз.





Соңғы жаңалықтар