+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

БҚО-да көлік қаққан ер адам аяғынан айырылды

2019 жылғы 18 қараша 12:44
Бөлісіңіз:
БҚО-да көлік қаққан ер адам аяғынан айырылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында ер адамды көлік қағып кетті, жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға кеше Самара-Шымкент жолында Сырым ауданы аумағында болды.

Дәдем ата аялдамасындағы жаяу жүргінші жолында автокөлік 58 жастағы ер адамды басып кетті. Аяғынан айырылған зардап шегуші облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

«Қазір ер адам жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы тұрақты, ауыр», - деді ҚазАқпарат тілшісіне А.Сақпосынова.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растап, «Lexus» автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігіне сәйкес тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Еске салайық, 17 қараша күні БҚО-да тағы бір жол апаты болып, 37 жастағы әйел мен 4 жасар бала ауруханаға жеткізілген болатын. Жүргізуші – 37 жастағы ер адам алғашқы медициналық көмектен кейін ауруханаға барудан бас тартты.

«Күні бүгін баланың жағдайы өте ауыр. Ақжайық аудандық ауруханасында жатқан ол бас пен мидың ашық жарақатын алған. Ал анасы амбулаторлық ем алуға жіберілді», - деп мәлім етті зардап шеккендердің денсаулығы жөнінде А.Сақпосынова.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT