БҚО-да қолдан жасалған ұшу аппаратының құлауы: Қылмыстық іс қозғалды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда қолдан жасалған ұшу аппараты құлап, пилоттың қаза болуына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің айтуынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 464-бабына (ұшу немесе оған дайындық ережесін бұзу) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі кезде істің мән-жайы анықталу үстінде.

Еске сала кетейік, 28 тамыз күні сағат 08.30-да «Казинское» саяжай қоғамы маңында қолдан жасалған ұшу аппараты құлап, пилот – 69 жастағы тұрғын қаза тапты.


Соңғы жаңалықтар