БҚО-да қоластындағы қызметкері парамен ұсталған аудан әкімі қызметінен кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында қол астындағы қызметкері парамен ұсталған Шыңғырлау ауданының әкімі қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік қызмет туралы» заңның жаңашылдықтары, нақтырақ мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігі туралы айта кетейін. Батыс Қазақстан облысының әкімі жақында Шыңғырлау ауданы әкімі Тұрғанбетовтың отставкасын қабылдады. Ол аудан әкімі қол астындағы қызметкері парамен ұсталғандықтан отставкаға өтініш білдірген», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бигайдаров агенттіктің онлайн режімдегі баспасөз мәслихатында.

Данияр Бигайдаров 2019 жылдың 10 желтоқсанында қоластындағы қызметкері парамен ұсталғандардың жауапкершілігі туралы заңға енгізілген өзгерістер күшіне енгенін еске салды. Ол заң бойынша сот үкімі күшіне енгеннен кейін сотталған адамның бастығы – мемлекеттік қызметкер 10 күн ішінде отставкаға өтініш беруі керек.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта БҚО-да полиция қызметкерлерінің жүргізушілерден пара алу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот үкімін күтпей-ақ БҚО полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің басшысы мен оның орынбасары қызметінен кету туралы баянат тапсырған.


Соңғы жаңалықтар