БҚО-да көл жағалауында адасқан 4 жасар қыз аман табылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Теректі ауданында көл жағалауында адасқан 4 жасар қыз аман табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін Сарыөмір ауылы Шалқар көлі жағалауында болды.

Ата-анасының қарауынсыз қалған 2015 жылғы қыз сағат 16.32-де жоғалып кеткен.

Құтқарушылардың жедел іс-әрекеті нәтижесінде қыз сағат 17.03-те бір шақырым жерден аман-есен табылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да өрт кезінде мал мен құстың жанып кеткенін жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар