БҚО-да көктемгі егіс және егін ору жұмыстары үшін жанар-жағармай құнын арзандатуға 454,7 млн. теңге бөлінді

None
None
ОРАЛ. 3 сәуір. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биыл көктемгі егіс және егін ору жұмыстарын жүргізу үшін жанар-жағармай құнын арзандатуға 454,7 млн. теңге бөлінді.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, облыста «ҚазМұнайГаз өнімдері» АҚ дизельді отынды жеткізетін бірден-бір оператор болып белгіленді. Көктемгі егіс жұмыстары үшін Атырау мұнай өңдеу зауытынан 12 мың тонна дизельді отын литрі 82 теңгеден бөлінген. Наурыз айына 3 мың тонна берілсе, сәуірге - 5 мың, мамырға 4 мың тонна дизельді отын жеткізілмек.

Дизельді отын шаруашылықтарға аудан әкімдіктері бекіткен тізім бойынша үлестіріледі. Жанар-жағармайды уақтылы алып үлгерудің маңызы зор.

Дизельді отынды мал азығын дайындауға да жұмсауға болады.

Соңғы жаңалықтар