БҚО-да көктайғаққа байланысты жолдар жабылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында көктайғаққа байланысты жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің жедел кезекшісі, азаматтық қорғау подполковнигіАсхат Қыдыровтың айтуынша, сағат 22.00-ден бастап облыстық Чапаев-Жаңақала-Сайқын, сондай-ақ республикалық маңызы бар Чапаев-Жалпақтал-Қазталов бағытындағы жолдар жабылды.

«Көктайғақ салдарынан жағдай осындай болып тұр. Сірә, жолдар таңға дейін ашылмайтын шығар», - деді ҚазАқпарат тілшісіне А.Қыдыров.

Өңір тұрғындарының сөзіне қарағанда, облыстың оңтүстік аумағында күн жауын-шашынды болып, соның салдарынан көктайғақ орын алуда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда көктайғақтың салдарынан 55 адам жарақат алғанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар